Posted in

БАР БОЛАРСЫЗ

“Есенсіз бе?” деген мағынадағы, ибамен амандасу. ~ Алдыңғы тана көз жапалақ сары қыз «Ойбай, көтек!» – деп дауыстап жіберіп, суды екі аяғымен сабалай арғы бетке қарай жүзе жөнелді де, соңғы қара торысы мойнын бұрып кейін қарап, жағада тұрған Кенесарыны көріп тоқтап қалған. Түрегеліп жүзіп, тек судан басын шығарып: – Бар боларсыз, мырза, – деп сәлем берген. Сөйткенше жағаға Кенесарының жолдастары да келген. І.Ес.