Posted in

БАР БОЛСЫН!

“Соныңды қойшы!” деген мағынадағы кейіс сөз; менсінбеу, місе тұтпау. ~ Жездеме тиіп жетілгенім бар болсын. М-М. ~ Әй, сенің үйің бар болсын! — деді саудагер оның сөзін бөліп.— Әуелі борышыңнан құтылып алсайшы. Дж.Лон. ~ Баян. Хатшы оқыдым деген соң, сене салмаймын ба… Қожанасыр айтқан көп қой: мен қатынға сенем, қатын маған сенеді деп. Мәмбет. Қожанасырың бар болсын! Контрреволюционерге жұмысыңды тапсыр да, өзің темекі жонумен отыр. Б.Майл.