Қолда барға шүкіршілік қылды; қолын алысқа сермемеді.
~ Бірақ әзірше барды қанағат ете тұруымыз керек. О.Сәрс. ~ Бірақ осы татулық барға қанағат етуге, бойкүйездікке, жаңалыққа ұмтылмауға, алда-жалда біреу бастама көтере қалса, көп болып жауып тастауға соқтыра ма деп қорқам, — деп бастады… Қ.Жұм. ~ Ел сияқты барды қанағат қып тып-тыныш алдымдағы кәсібімді істеп жүргенде, қазір жылы үй, жұмсақ төсекте жатпас па едім. Т.Сәу. ~ … кейбір жазушылар шығармаларының аудармасына мүлде көңіл бөлмейді, мән бермейді. Екінші тобы барды қанағат тұтады, я орысша шыққанына мәз болады. Г.Бел.
