Өкініп қалды, қан жылады. ~ Елес пе, ар жағы жоқ есте, Сен жылап, мен бармақ тістедім. Көңілдер кемелер емеспе? Құштарлық тоғыз балл шторм. Ж.Әбдір. ~ Алтындай уақыттарының текке рәсуа боп, жел сөз – өтірік мақтаудың, өтірік қолпаштаудың желкенсіз қайығына мініп, ашық теңіз үстіндегі адуын толқынның қақпақылына түсіп, сергелдеңге ұшырағандарына да бармақ тістеп өкінеді. Қ.Жиен. ~ Цивилизацияның қарқыны туралы айта бастағанда-ақ Роберт орнынан ұшып тұрып, өз пікірін айтқысы келді. Бірақ әлгі тажал сестра әйел кіріп келе ме деп қорықты. Амалсыз бармағын тістеп отырып қалды. Т.Әбд. ~ Аузына ие болмағандар «шоқынды» дер, ұры, қары, бұзық дер. Оттай берсін. Берген балам берген? Орыстың тілін үйрет, орыстың білімін үйрет. Әттең, әттең! – дегенде Тұрлыбай бармағын тістеді.- Сол екеуін білсем заманды дүзер ем! Айналайын, тек араққа үйрете көрме!.. Ғ.Мұст.
