Жасырын жасалған жымысқы әрекет; парақорлық, таныстық, жемқорлық; жең ұшынан жалғасу. ~ «Қатынды өзіңе әперемін» деп байдан бармақ басты, көз қысты алған жасауыл жабырқап, жиналған жұртқа: «Үйді босатыңдар», — деп ақырғанда үйдің іргесінен кеп адам дүркірей тұра жөнелді. І.Жанс. ~ Сатушы шағындағы бармақ басты, көз қысты әдеттердің біразынан тазарып, ел ағасына лайық қасиеттерге бой ұрған. М.Қаб. ~ Әбдіжапардың бармақ басты, көз қысты сасық құлығын жақсы білетін Бекет жасырын түрде Жақыптың бригадасына балташы болып кіріп… Қ.Ысқ. ~ Осындай бармақ басты, көз қысты әрекеттердің алдын алу мақсатында Үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен Талдықорғанда кезекті жиын өтті. БАҚ
