Posted in

БАРЫМТА АЛЫСТЫ

Бір-бірінен мал айдап кетіп, қысастық жасады. ~ Содан берi қар кетiп, көк шығысымен Сыбан мен Керей бiрiнен бiрi кезек барымта алысады. М.Әу. ~ Сондықтан да қалаға қашумен Абайды қырдағы көп әлектен құтқардым ба деп еді. Қырда болса, бұл істің арты бүгін ауыл шауып, барымта алысуға соғар ма еді? М.Әу.