Барынша сәнденіп, қамданып д.м. ~ Расында да Қамбардың құқайынан сескенген шығар, барын киіп, бақанын қолына алып дегендей, бұлар да қаздай тізіліп келіп қалды әне. О.Бөк. ~ Есік алдына бірнеше қатар қойылған, ұзын арқалықты орындықта, барын киіп, бақанын қолына алған бір топ қыз-келіншек, жігіт-желең отыр. Т.Рыс. ~ Кейбірі шешінбестен отырған жеріне қисая салатынын да көріп еді. «Апырмай, – деп күбірледі. – Қалада ғой осындай қыздар барын киіп, бақанын қолына алып дегендей, ауыздарында темекі, алдарында кофе, коньяк ішіп ерігіп отыр». О.Бөк. ~ Әсіресе, рельс төсеушілер барын киіп, бақанын қолға алып шығып еді, бет қаратпай қар бүркіп сабалағанда жандарын қоярға жер таппай баспаналарына қайта қашып тығылған. О.Бөк.
