Аянбады, жанталасты, қолынан келгеннің бәрін істеді. ~ Түлкі де барын салды, әйткенмен атын сабалап, айғайға басып келе жатқан кісі алдын орай берді. М.Мағ. ~ Бірақ қайсар әйел мойыған жоқ. Сүйікті қызы Аянаны жеткізу үшін барын салды. Бертін келе кәсіпкерлікке ден қойып, өзіне шағын дүкен ашып алды. Ғ.Қож. ~ Жол ұзақ, үш күндік жол. Соның бүгін соңғы күні. Соған əлгі бала «барын салды» дейді. О немене ол – «барын салды» деген? Демек, жік-жапар боп, тыпыршып, асығып жүрген болды ғой шамасы. З.Қаб.
