Сенің тірі жүргеніңнен не пайда; өлгенің артық д.м. ~ Ерте, ерте! Сүйдеп‚ сен табаныңнан сапқыр‚ ертеңдi күндi кеш қыласың. Бүйткенше барыңнан жоғың. Шiрiк-ау, кiтап сенiң неңдi алған? Пiркарөл болатындай. Б.Алд. ~ Бала шырқыраған күйі басын еңкейтті. Әкесі күрзі етігімен кеудесінен теуіп кеп жіберді: ― Бүйткенше, барыңнан жоғың!.. Қ.Қази. ~ Шарықтарымды үстіме қарай лақтырып жіберді. − Өлтірейін бе осы, а?! Сендей ақымақтың барыңнан жоғың! — деп, маған қарай тап берген. С.Мұр.
