Нағыз, қаса, қас, нақ өзі. ~ Иә, оған қағаз апармаса, жай шақырғанға келмейді. Барып тұрған қырсық. С.Бег. ~ Саяси шолушыдан әсіре әуей сөздерін санайды көш ілгері, шолушысы — аяқтың, балтырлардың барып тұрған «интернационалистері». К.Мыр. ~ “Мен – барып тұрған өсекшімін, арызқоймын, бар айып менде, кешір балам!» деп қыздың аяғына жығылар еді екіншісі. М.Кәр.
