Жеке-жеке, әрқайсына. ~ Енді сол прототиптердің немесе жартылай прототиптердің бас-басына жеке тоқтайын. Ә.Нұрш. ~ Мен дүниеден сапар шеккен күні саусағыңа киерсің. Оған дейін сандығыңа салып, тереңде сақта» деп оңашада бас-басына жеке айтыпты. С.Жүн. ~ Біздің көзіміз шалған балықтардың әралуан түрлерін, Жапон және Қытай теңізіндегі балықтардың бүкіл коллекциясын бас-басына айтып жатпаймын. Ж.Верн.
