Posted in

БАС-КӨЗ (КӨЗ) БОЛДЫ

Біреуге қамқорлық көрсетті, шаруасын атқарды, көз қырын салды, әлдебір іске жауапкершілікті мойнына алды. ~ О болса, апасының opнына балалардың үсті-басын қарастырар еді, үйді үңірейтпес, қуартпас еді: қашан бір қатын алып үйлігін түзеткенше, шаруаға да бас-көз болар еді. Ж.Айм. ~ Үйдiң жанында өзiң бас-көз боп, оқытқанға не жетсiн. Б.Алд. ~ Елеусіздің өте-мөте аяйтыны Гүлнаш. Үйдің жабдығын да өзі істейді, отарларға бас-көз болатын да өзі. Т.Әл. ~ Үмітай марқұм, Есіркептің шешесін айтам-ау, маған ылғи тапсыратын: «Ұрқия-ау, Есіркебіме көз бола көр», – деп… Б.Майл.