Ештеңеге көңіл аудармай, аямай. ~ Алдыңғы қыздар тобы жақындай бергенде қарсы топ қолға ұстаған темір, ағаш таяқтарымен, шынжырларымен саптағы қыздарды бас-көз демей сабай бастады. Б.Тоғ. ~ Прораб қосар каналдан өтті де, қиялап тіреу орнына, біз тұмалы жартас жаққа бас-көз демей жолсыз жермен тарттық. М.Қаб. ~ “Көппен көрген – ұлы той”. Жаппай бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып жатқанда, сендердің мыналарың бір қарын майды шіріткен құмалақ сияқты болды ғой, – деп, бас-көз демей оларды тықсырып алған да осы Найзабай болатын. Қ.Най.
