Posted in

БАС АЛМАДЫ

Бас көтермей, барынша беріле істеді. ~ Осы мәрте қолына қалам алып, егжей-тегжейлеп, әр жолын, сөзін қуалап бас алмады. М.Қаб. ~ Аспазбен шүйіркелесе сөйлесті, мұршасы келсе ән де салар еді, жұмыстан бас алмады. Көңілі алып ұшып ынтыға берді. Неге ынтығады көңіл? Жақсыға ынтыға ма? Жаманға ынтыға ма? М.Кәр. ~ Сенің кітаптарыңның орысша, қазақшасын қаны жібермей жинап жүрмін. Біздің Нарқоспақ кітаптан бас алмайды ғой. Оқып отырады. Т.Ах.