Posted in

БАС АСАУ

  1. Арқасына ер салдырмайтын, тарпаң, асау жылқы.
    ~ Коновалов енді бас асауға тесіле қарап, тақымы жыбырлап, шын құмартты. С.Жүн. ~ Адамды көргенде қалшылдап, сескеніп, үркектеп тұратын, арқасына ер салдыра қоймайтын, мінгенде шаба жөнелетін бас асаулар да тізгінмен шектеледі. Ж.Баб. ~ Адамды көргенде қалшылдап, сескеніп, үркектеп тұратын, арқасына ер салдыра қоймайтын, мінгенде шаба жөнелетін бас асаулар да тізгінмен шектеледі. Ж.Баб.
  2. Бірбеткей, өз айтқанымен ғана жүретін адам. ~ Ә л і б е к Сөзіне құлдық ұрдым, Айман-Айым, Солай деп жөнге салшы бас асауды. М.Әу. ~ Ішіндегі жас, жас та болса, ысқаяқтанып қалған үш қатыннан басқасының бәрі еркектер, олар да жүген-құрық көрмеген бас асау жастар. В.Расп.