Posted in

БАС АСАУЫ (АСАУЛЫҒЫ) БАР

Бірбеткейлігі, шатақ мінезі, қиқарлығы бар. ~ Қыланды жігіт бір баран малды құрықтап: «Әкел жүген!» дегенде, Қартқожа тұра ұмтылды. Азырақ бас асаулығы бар екен, әрең дегенде жүгендеп алып, шаужайдан ұстап, жетектей жөнеді. Ж.Айм. ~ Тұрардың көбінесе бет-аузы көгеріп, ісіп жүреді. Ырыққа көнбей бұлғақтайтын бас асауы барларға басылар таңба осындай. Т.Сәу. ~ Роксана, шындығында да, жұтынып тұр, аздаған ғана бас асаулығы бар, онысы өз қадірін білгендігінің белгісі сияқты, жалынан еркелете сипасаң тез тыншиды. А.Смай.