Posted in

БАС БАҒЫП

Абайлап, дымын білдірмей. ~ Ешкім білінбейді. Тағы жүрді. «Қашан келер екен? Шыға алар ма екен?” деп жүрегі дүрсіл қағып, жар астында бас бағып, Жүніс отыр. Ж.Айм. ~ Тар ауызда тас тасалап, сүр шекпенді, бес атарлы біреу жатыр, бас бағып. Ж.Айм. ~ Жыртық киім киген, үрпиіп тоңған жүздері бар үш-төрт кішкене бала есіктен бас бағып, оты маздап тұрған үлкен үйге сығалайды. М.Әу. ~ Төргі терезе жарық. Ау, түнгі екіде жарығы несі, күлегеш әдемісі іс тігіп пе, әлде кітап оқып па кешеуілдеп отыр ма деп, кеудесін күдік кеулеп… бас бағып келіп үңілмей ме… Д.Досж.