Posted in

БАС БАРМАҚТАЙ

Орайына қарай бармақтың үлкендігіндей, кішкентай не үлкен деген мағына беретін теңеу. ~ Мылтық пенен садақты, – Өзі жөндеп, өзі атқан. Бас бармақтай бөдене, Басынан байлап, көзге атқан. Н.Әбу. ~ Кенет сайрап қоя берген бұлбұл үнi естiлдi. Тiзелерiн түйiстiре қатар отырған екi әйел селк етiп бастарын көтерiп алды. Бас бармақтай әншi құс таңдайы тақ–тақ етедi. Құлақтан кiрiп бойды алған нәзiк дауыс, нәзiк жүректерге әл берiп, өңдерiне нұр жүгiрттi. Р.Рай. ~ Мылтық пенен садақты, – Өзі жөндеп, өзі атқан. Бас бармақтай бөдене, Басынан байлап, көзге атқан. Азулы аңнан бөрі атқан. Сегіз Сері. ~ Апам нәресте шағымда бесігіме сылдырмақ орнына бас бармақтай жез қоңырау байлап қойған екен. Н.Сер. ~ Бас бармақтай әншi құс таңдайы тақ-тақ етедi. Р.Рай. ~ Зәре-құт жоқ, анамда сұр қалмаған, Қарсы алдында аждаһа сумаңдаған, Бас бармақтай басында сағат тілі, Өтті-кетті дегендей жылмаңдаған. М.Мақ. ~ Жыланнан қорқып, ұясын мәжнүн талдың суға төнген солқылдақ шыбығының ұшына салып, шыбын жанын шүберекке түйіп жүрген бас бармақтай зымыранның өзі маса-шіркей қақшып тамақ асырайды. Ал сойталдай инелік ұстау зымыранға соғым сойғанмен бірдей ғой. Ш.Мұр.