Қолға үйретілген, айтқаннан шықпайтын. ~ Онда Тораңғыл қасқа жеті жасқа келген кезі. Құнанында, дөненінде бас білгі, жүген білгі ету ешкімнің ойына келмепті. Т.Әс. ~ Бас білгі мама биелер желіден үркіп қашпайды, бауырына тығылған құлынды керісінше, бас иесіне икемдеп, бас шұлғып үйіріле қалады. Д.Дос. ~ Бәйтеректің діңгегінен шабылған қайық қалтқысыз қаздаң жүзіп барады. Рульге бас білгі қайық тұмсық толқынға да, қаптал толқынға да сыр бермей, нық сырғиды. Ш.Айт.
