Posted in

БАС КЕТЕТІН (ІС, ЖАҒДАЙ, ЗАМАН …)

Жауапкершілігі мол іс д.м. ~ Сұрғылт жүзін сәл жадыратып:- Ағалар,- деді,- қазір бір ауыз сөзден бас кететін заман. Т.Рыс. ~ Сіз екі жеп биге шытасыз. Ал мен үшін бұл бас кететін қылмысты іс. Бұл күнде шыныңды айтсаң — шырғалаң, өтірік айтсаң — өлесің!.. Қ.Ысқ. ~ Құпияны сақтауға уәде беремін. Баланың ойыншығы емес, бас кететін жағдай бұл! Д.Дос. ~ Мына тақта-тақта болып сіресіп тұрған орамал, көрпе, жамылғыштарды көздің қарашығындай сақтамаса, бас кететін дүниелер. М.Қаб.