Posted in

БАС КӨТЕРДІ

а) Оянды, жаны кірді; әлдебір сезім кеудесін кернеді.~ Нұрлы күн ұясынан жаңа бас көтеріп, әлемге сәулесін түсірді. Елдің көбі қалың ұйқыда жатыр. А.Байт. ~ Өстіп өмірдің түбін ойлап жатқанда – Санжардың кеуде жыны қайыра бас көтерді. Д.Дос. ~ Тұңғыш бас көтерген осындай егіз сезімдер оның көн кеудесінің басқа түкпірінде жасырын жатқан жаңа ойларды да оята бастады. Д.Ис.
ә) Бүлік шығарды; қолына қару алды. ~ Ол жерде хандардың қиянатына бас көтерген кілең жау жүрек адамдар бар. І.Ес. ~ Тіршіліктің батқан шақта бір сыны, Тұнжыраймын, Түнеремін күрсініп. Жайма-шуақ мінезім бар. Бар және Аяқ асты бас көтерер қырсығым. Қ.Мырза.

  1. Көрінді, көзге түсті. ~ Ел басына күн туғанда ішкі жаулар да найзасы шошаңдап, о жер, бұ жерден бас көтере бастады. Ә.Кек.