Қолынан іс келетін, атқамінер азамат. ~ Әрине, жылқышы жігітті өлімші етіп сабаған, Ауылдағы бас көтерер азамат тегіс атқа қонады. М.Мағ. ~ Қараңғы елге ұлықтардың айтқанының бәрі заң, … бас көтерер азаматтарды жинап алып, үш үй, төрт үйдің ортасына бір-бір жылқыдан салық айтып, үш күн пұрсат беріп, төртінші күні құтырған бақсылардай зікір сала бастаған. С.Жүн. ~ Бүкіл әулеттің бас көтерер азаматтарын түрмеге тоғытып, мал-мүлкін қытай олжалаған кезден бұрынғы бір оқиғаны
ылғи да айтатын. Ы.Дәб. ~ Бәрі бұның өзіне қараған жанашыр жақын-жуықтар. Көбі Жақайым руының бас көтерер жігіттері. Ә.Нұрп. ~ Ой, өңкей шірік!.. Бұл үйдің бас көтерер үлкені түгел қырылып қалғаны ма, немене?! – деп гүр-гүр етті. О.Сәр. ~ Қар қалың, бұрқыраған боран, көлік қайдан болсын, жаяу күн бата үйге әрең жеттім. Келсем үйдегі малдың азығы жоқ. Ауылдың барлық бас көтерер жаны мал артында. С.Бег.
