Posted in

БАС КӨТЕРТПЕДІ

Мұрсат бермеді. ~ Былтыр күзде аудан малшыларының ат шапқан слеті өтіп, онымен қабаттасқысы келмеп еді. Қыста кар қалың түсіп, борасын соғып, бас көтертпеді. Б.Тоғ. ~ … немістер бұл деревняны қорғауға СС, «Кубас» сияқты ең таңдаулы бөлімдерін төгіп отыр және сол себептен де жау біздің төбемізден самолеттерін қаптатып, бас көтертпей жатыр. Ә.Нұрш. ~ Көп ұзамай оны ұмытып та кеттім. Күнделікті көп жұмыс бас көтертпеді. Б.Тоғ.