Posted in

БАС ҚОСТЫ

а) Үйленді, тұрмыс құрды. ~ Он алты жыл бұрын осындағы бір неміс әйелімен бас қостым. М.Қаб. ~ Көп ұзамай Досмағанбет Құсайын ұстаның аздап дімкәсі бар сары қызымен бас қосты. Н.Дәу.
ә) Жиналды, отырыс жасады, кездесті. ~ Шым шилі, сырлы керегелі, оюлы ақ үйде бас қосқан «қасқа мен жайсаңдар» босағада тұрған қыз балаға осылай көрінді. Ғ.Мұст.
~ Ырыстының туған күніне қырда трактор айдап, мал бағып жүрген жігіттер мен қалада үйлерінен ұзап шыға алмай қалған қыздар, тіпті күйеуге тиіп кеткендері де серіктерін ертіп бас қосты. С.Досж.