Posted in

БАС ҚОСЫС (ҚОСУ)

Жиылыс; мәжіліс; той-томалақ. ~ Бесжылдықтың айқындаушы жылының жомарт жазында Қаратау мен Сарыарқаның арасында ұланасыр бас қосыс болды. Т.Әл. ~ Қазақтың екі арысы сол жауда қалған ескі ұяның қақ ортасында Қаратауды айналып барып кіріп отыр. Сондықтан да Ордабасындағы бұл бас қосу, шынында, жиын емес жорық-тұғын. Ә.Кек. ~ Сөйтіп жүргенде Шеге неге екені белгісіз, малға шықты. Ждақайдың көңілі бірақ, сонда да тыншымады. Той-томалақтарда, бас қосуларда бастық басымен бұл өзінің қол астында істейтін шопан Шегеден мысы басылды. С.Ел.