Posted in

БАС ҚҰРАДЫ

а) Қосылды, үй болды. ~ Бәрін айт та бірін айт, махаббаттың жырын айт, Әлфия екеуі көп ұзамай дос болады, одан қол ұстасып, оқу бітірген жылы бас құрайды. М.Қаб.
ә) Күш жинады, топ құрды. ~ Бізге қарсы тарп аттануга батылдары бармайды. Ауданға шабады. Отряд жинайды. Шұғыл кіріскеннің өзінде ертең кешке әрең бас құрайды. М.Мағ. ~ Күн әбден найза бойы көтеріліп болғанда қуғын тоқтап қалды да, аман қалған жаулар Көкеннен асып, енді ғана ес жиып, бас құрауға айналды. М.Әу.