Шап беріп ұстады, жармаса кетті; құшақтай алды. ~ Бұлтыңдады, бұлқынды, Жан ұшырды, жұлқынды, Күлді мысық мұртынан. Үш босатты, бас салды, Бес босатты, бас салды. М.Жұм. ~ Ең соңынан мысық орғи жөнелгенде жолбарыс бас салды. С.Ом. ~ … үйден шыққан грейдерші жігіт өзінің серігін тани кетіп, оны бас салды. Д.Ис. ~ Үйінен қуана жүгіріп әрі жылап шыққан Қыздаркүл апасы бас салып бұларды құшақтап, беттерінен сүйіп жатыр. Т.Нұр.
