Posted in

БАС САУҒАЛАДЫ (БАС САУҒА ҚЫЛДЫ)

Жан сақтауға тырысты, қашып құтылды, пана іздеді. ~ Аулақ жүріп одан да, Бас сауға қыл аманда, Еліңді таппай жүрерсің, Кесірім тисе осыдан. “Қыз Жібек”. ~ Бөрікбай батырымыз ақырында бас сауғалап, бізге қарай құлдырай қашты. О.Сәр. ~ Сұлуқас (Ақкемпір) далаңдай солай қарай жүгірді. Қыз жылжып, қамыс арасына бас сауғалаған екен. Шешесін көріп, шырқырай жылап, даланы басына көтерсін. Ш.Құм. ~ Ұлыстың қарашыларының арасында орасан беделге ие Ергене-бегімге Алғи сөз салады. Ұлы Мүбәрәкшаһты таққа отырғызуға уәдесін алып, Ергене-бегім үшінші рет төсек жаңғыртады. Т.Жұрт. ~ Дүниедегі ең жақсы көретіні байы мен баласын ренжітіп, өзінің бас сауға қылып кеткенін Күлпаш енді ар көре бастады. Б.Май.