Posted in

БАС ТЕРІСІ БЫРЫСТЫ (ТЫРЫСТЫ)

Жақтырмады, тұнжырай қалды, ашу қысты. ~ Қарағым қай баласың? — Қай келімсекті танитын едің? — деді жақтырмаған Әбдіжапар бас терісі бырысып. Қ.Ысқ. ~ Таптап кетпегеніне Құдайға шүкір! — деп бас терісі бырысып, пұшайман боп қалған Сан Санычтың кейпіне кекете қарағандай болды. Қ.Ысқ. ~ Ақанның қалтасын сыртынан қақты. Басыну, қорлау! Ақанның бас терісі тырысып барады. Бір нәрсе істеу керек, бірақ ол не, анық білмейді. М.Қаб.