Posted in

БАСҚА ШЫҚТЫ

Басынды, тым еркінсіп кетті. ~ Дегенмен, үлкен-үлкен деп басқа шығарып қоймай, қыбын тауып, бәйбішені де аяғын тарта сөйлеуге үйреткен жөн. Ә.Кек. ~ Ұрлаған жылқысының айыбы мен өлген кісінің құнын үнемі біреу төлеп отырса, Байсерке басқа шықпағанда қайтеді. Қ.Жұм. ~ Сөйлеп келеді, сонда: Кісілігі қараң қалған қу дүние. Қасиеті жоғалған, сұм өмір. Басқа шықты, бақа-шаян. Өй, атасының көрі… Н.Дәут. ~ Енді, міне, «елемеген ауру жаман, ескермеген дау жаман» деп қазақтардың өздері айтқандай, бұратана жұртың бірте- бірте басқа шығып бара жатыр. Қ.Жұм.