Өзгесін айтпағанда. ~ Сейілбек қошеметшіл жігіттің биязы мінезіне жан- тәнімен ризалығын білдіре: ─ Басқасын былай қойғанда, мына шалқыған көлін айтсайшы! Бұл да болса даланың ерекше бір көркі емес пе, шіркін!.. – деді. С.Ом. ~ Басқасын былай қойғанда, кейінгі жылдары Қызылорда мен Ақтөбе облысы үкіметке қанша астық берді десеңші! Ә.Нұрп. ~ Солай бола тұрғанымен, дәрігер, пікірімнің дұрыстығын мойындауыңызға тура келеді, өйтпеген жағдайда адам айтса нанғысыз алуан-алуан фактіні алдыңызға шаш етектен келтіріп жайып салам да, сізді өзіммен келісуге мәжбүр етем. Басқасын былай қойғанда, жаңа ғана өзіме мистер Джабез Уилсон айтып берген оқиғаны алайық. Шыным сол, мұндай таңғаларлық хикаяны өмірі естіп көрмеппін. А.К.Дойл.
