Бірге бір, алғаны мен бергені тең д.м.. ~ Жаңағы тазы ит иесінің сол қызға көзі түсіп сұрағанда, Педот баспа-бас айырбасқа салады. М.Әу. ~ Шалдың мөлиген көзi мен сыбырлаған сөзiне етi үйренiп кеткенмен, ар-ожданы былай баспа-бас саудаға түскенде, қорланып жаны ышқынған Сәбира: Т.Сәу. ~ Сонда Ақсарыбай сөйлейді: – Қосай да жас, қыз да жас, Мал алмаймын баспа-бас. Айғырды мін де, аулақ қаш, Тынышымды алдың, Қодар нас. “Ер Қосай”. ~ Шыныңмен кеткенің бе, Құлагерім! Қасымда қасынысып тұрар едің. Баспа-бас қызға бермес жануарым! Басылар өлгенімше қайтып шерің?! І.Жанс.
