Posted in

БАСТАН ӨТКЕРДІ (ӨТКІЗДІ, өтті)

Басынан кешті, өзі көрді, тірі куәсі болды. ~ Өзіңіздің бастан өткерген оқиғаларыңыз әңгімеге кірігіп, жалғасып отырады деп ойлаймын. А.Жақ. ~ Қара жердің қабырғасы қайысып, әзер көтерген қайғыны да бастан өткердік. С.Дос. ~ Ол кез ер етігімен су кешкен, ат ауыздығымен су ішкен, жігіт жеңін жастық, етегін төсек еткен, бетін отқа, жалынға тосқан, жорықты күндерді бастан өткізді. С.Бақ. ~ Ұнымыз жетті жазға үнемдеумен, Жәрдемді бақыт көрдік біреу берген. Балалық бастан өтіп кетіпті ғой, «Етігін, әкем келсе, кием» – деумен. Ж.Нәж. ~ Өзіңнен көз жазып калған жарты ғасыр ішінде жарық дүние деп аталатын мына жалғанда талай-талай оқиғалар бастан өтті. С.Дос.