Бағыт-бағдарсыз, жөн-жосықсыз, қайда болса, сонда. ~ Ұзақ үркін сапарында баспанасынан айрылып қаңғып қалған мүскін ғарыптар сынды басы ауған жаққа тәлтіректеп жөнеп берді. Ғ.Біл. ~ … алдындағы ағашта келденеңдей байлаулы тұрған қара қасқа аттың үстінен бір-ақ секіріп басы ауған жаққа лаға жөнелді. О.Бөк. ~ Сең соққан балықтай есеңгiреп не iстеп, не қоярын бiлген жоқ. Басы ауған жаққа қарай сенделiп жүрiп келедi. Т.Сәук.
