Денсаулығы сыр берді, науқастанды. ~ Старший деген аты бар, біреудің басы ауырып, балтыры сыздаса да, Мұратқа келеді. Тек, сол жақсылықты жұрт түсінсе де! Қ.Ысқ.
~ Жас келді. Басы ауырып, балтыры сыздайтын болып жүр. З.Шүк. ~ Бүгін басы аман, бауыры бүтін ел, ертең, басы ауырып, балтыры сыздамасын біле бермейді. Ғ.Мүс.
~ Қартайған шақтарында күйі не болады? Басы ауырып, балтыры сыздаса жанында болсам, ақырғы шақтарында бастарын сүйеп қолымнан сусын берсем деймін, енемді осы бетке қайта әкеліп алайық! Ғ.Біл. ~ Ал, мына ноғайларға жүргенде тағы алысқа кетесің. Бас ауырып, балтыр сыздаса шет жер, жат ел, өлім бар да қаза бар деп, біреудің біреу басын сүйеп, сүйегін көмуге зар, болады… І.Жанс.
