Posted in

БАСЫ АШЫҚ

а) Әлі шешуін таппаған, дүдамал. ~ … байтақ жеріміздің экологиясы қазіргі кезде бірінші орында тұрғаны, ең басты мәселеге айналғаны басы ашық мәселе. Ж.Баб. ~ Шәуіркөл аз үйлі сойырқасқа берілді. Енді Шөмішкөл, Ақшатау сияқты бір-екі көлдің басы ашық тұр. Осы жерде Рахметәлі килікті. З.Шүк.
ә) Күмәнсіз, айдан-анық. ~ Қолға бар дерек жиналып түскенше, көп айыптар молайып құралғанша, мынау басы ашық айқын айыбы туралы әдейі көлгірсіп, өтірік нанған кісі болып, жеңіл ғана жауап алғызған. М.Әу. ~Үкіметтің жауымен күресу оңайдың оңайы. Ол басы ашық нәрсе. Ал Назармен күресу оңай емес. Т.Әбд.