Posted in

БАСЫ ОЗЫҚ

Кемеңгер, үздік. ~ Мағжан – мәдениеті зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілдігіне қарағанда, бұл бір заманның тегінен асқандай. Сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай, бірақ түбінде әдебиет таратушылары газетпен қосақталып, күндегі өмірінің тереңін терген ақын болмайды, заманынан басы озық, ілгерілеп кеткен ақын болады. М.Әу. ~ Заманынан басы озық ақын, сұңғыла жыр сұлтаны Сұлтанмахмұт Торайғыров – өзі өмір сүрген уақыттың ғана емес, келер замандардың да сөзін кемеңгерлікпен кең толғай кеткен бір кемел. БАҚ. ~ Қолымыздағы жинакқа кірген авторлар: Эрих Фромм, Дайсетцу Судзуки, Мирча Элиаде, Батыстың интеллектуалдық элитасының барлық басы озық окілдері сияқты, адамзат ұрынып отырған жүйкелік дағдарыс жайында күйзеле жазған. Ш.Нұрп. ~ Даралық пен тұлпарлық егіз ұғым емес. Нағыз тұлпар басқа бәйге аттарынан, құрығанда, басы озық жүргенін қалайды. Д.Ізтілеу.