Әлдебір жамандыққа ұрынды, қиын жағдайға тап болды. ~ Абайға тиген арам қамшы арсыз қазақтың қолында шошаңдап әлi жүр. Олжасты да еңсе көтертпей төмпештеумен келедi. «АЗ и Я»-дай ұлы кiтап жазып, басы пәлеге қалды. Т.Сәу. ~ Ал егер, тыңдауға зауқың болмаса, е, онда басың пәлеге қалды дей бер. Ә.Нұрп. ~ Желкесі күжірейген дәу төбетпен кездейсоқ ұшырасты да, басының анық пәлеге қалғандығын бірер айдан соң бір-ақ білді… Қ.Жиен.
