Қиындықтан басталған істің ақыры қайырлы болады д.м. ~ Бірақ қуанған шақтарымыз да болды, азапты ісіміз нәтижесіз, абыройсыз болған жоқ. «Басы қатты болса, аяғы тәтті болады» демеуші ме еді қазақ? Г. Бел. ~ Солай, тірі кісінің тіршілік жолы – бұралаң, тағдыр торы – шырғалаң. Əрі қызық, əрі қиын. Басы тəтті, аяғы қатты. Кейде керісінше! З.Қаб.
