Бір тұста кездесе кетті; жолығысты; тоғысты. ~ Аузы жеңілдеу Сәлима сияқтылар сол жең ұшынан, не селтеңқұлақ жеңгейлерге бір көшенің қалтарысында басы түйісіп қалса: «тәкаппар ғой»,— деп сыбыр ететіні бар. М.Сүн. ~ Елу жыл бойы төсекте басы түйісіп жататын, жанының жартысындай болып кеткен жары Жәмила құмшекер қосқан бір дорба талқанын арқалап, жаяу- жалпылап Борандының түрмесіне жетіп, шалымен жолығуға рұқсат сұрамай ма. Ш.Мұрт. ~ Рахметәлінің көздеп жүрген көңі Шалқошқардікі еді. Екі тентектің басы түйісті. З.Шүк. ~ Бұл қалай үйден шықса, солай әлгі ымы-жымы бір қатындар дереу бұны ымдап, басы түйісіп пыш-пыштасып жатқаны. Ә.Нұрп.
