Posted in

БАСЫН БӘЙГЕГЕ (БӘСКЕ) ТІКТІ

Нар тәуекелге бел буды. ~ Шынжырлы тұқым асылды, Сенің үшін, шырағым, Бәйгеге тіктім басымды. Іздеп келген Төлеген Жайылған жұртқа даңқыңнан. “Қыз Жібек”. ~ Уәдеде тұрғыш, ұстаған жерінен сынатын, судай басынан тұнатын, досы үшін басын бәйгеге тігетін жігіт еді Еспер. Б.Қыд. ~ Ұямыз бар біздің де – омартамыз, Алмағайып бүлінсе сол ортамыз, Басымызды бәйгеге тігеміз де, Көзімізді біржола жоғалтамыз. М.Мақ. ~ Неше жерден тұтқын болса да – басына бәсін тігетін, жанына жанын беретін соңында қалған жақыны бар ма», – деп қазақтарға елші жібереді. Д.Досж.