Істі қылды, жала жапты, әлдебір дау-шарға араластырды. ~ Бірақ олардың бірде бірі оқатып, он екі шығыршықган өткізбек түгіл, алып садақтың адырнасын да кигізе алмайды. Осы топырдың үстіне Одиссей келіп, ақ некелі әйелінің басын дауға салғандарды тегіс құртады. Ә.Нұрш. ~ Біреулері: «Азаматымызды тұтқындап, баламызды өлтіргендері үшін Кедейлерден құн аламыз» – десе, енді біреулері: «Жайына жүрмей, біреудің жесірінде несі бар? Басын дауға салып жүрген өзі!» – деп, Қайыпты күстәналай бастады. Ү.Жәл.~ . «Сүйгеніме қосылып, бақыт тапсам» деген ақ тілегінің аяқ асты қалып, басын дауға салған қарау заманды қарғайды. Теңін тапқан қыздың тақымына тұсау салып, тас түрмеге қаматқан қатал заңды қарғайды. Ү.Жәл.
