Қара басын аман алып қалудың қамын жеді. ~ Жұрттың алды қозғалған соң, суға серкесі түскен қойдай тоғытылып, бірін-бірі іліп алып жөңки бастады, жұрт көбірек босқан сайын үрейленіп, қорқу мен сасу күшейді. Малға, жақынға, дүниеге қарамастан, әркім басын қайттап, ілгері шұбыра берді. А.Байт. ~ Әзім жан-жағына көз салды. Әлде олар да борбайынан бір пәлеге ұшырап, басын қайттап кетті ме? Ә.Нұрп. ~ Оты-суынан арылғалы олар да басын қайттап, бет-бетіне босып кетті. Ә.Нұрп.
