Қиын-қыстау заман туды; ауыр жағдайға тап болды, қауіп-қатер туды. ~ Сибанның басына бұлт төніп келе жатқанын ескерте кеткелі қайта оралып келгендеріңізге алғыстан басқа айтарымыз жоқ, қадірлі билер. Ғ.Мүс. ~ … Өзінің табан тіреген еңбекшілдігі, сұрапыл ізденімпаздығы, білімге ынтықтығы кеше ғана басына бұлт боп төнген жоғарыдағы шенеуніктердің ашу-ызасын аз да болса ыдыратып,
сейілткен сықылды еді. Д.Дос. ~ Бізді жетіскендерінен алғы шепке әкелген жоқ. Бастарына бұлт үйіріле бастаған тәрізді… Б.Тоғ. ~ Сол ақсүйек бекзадалардың басына бұлт үйіріліп, өз жандарын қорғай алмауы — демек империяның да басынан бақ тайып, құрып бітуге айналғаны ғой. Қ.Жұм. ~ Бірақ «ел басына бұлт түнеріп тұрғанда, бір қыз үшін әлек болуымның реті келмес» деп өртенген жүрегін ақылмен басуда… І.Ес.
