Ұзққа созылған ауыр жағдайға тап болды. ~ Сол анамыздың туған күнiн тойлағалы дастарқан басына жиналған сәтiмiзде басымызға қара түнек орнады. М.Қан. ~ Әрине, қазақ елінің басына қара түнек туған қилы кезеңде, күншығысынан Жоңғар әскері, күнбатысынан – Еділ бойындағы қалмақ нояндары, солтүстігінен башқұрт бекзадалары, оңтүстігінен Орта Азия хандары қазақ даласын борша–борша етіп бөліп алса – Россия секілді ұлы мемлекет өзінің қомақты үлесін, арыстан үлесін, өзгелерден әлдеқашан тартып әкеткен болар еді. І.Ес.
