Дала салты бойынша, айыпкердің айыбын артығымен төлету заңы.~ Байдың бір қойын сұраусыз сойып тастаса ғой: «Ұрлап сойдың» деп, төбесіне əңгір таяқ ойнатып, басына қосақ, көтіне тіркеуімен төлетіп алады, өзін көтке бір теуіп шығарып жібереді. Ж.Айм. ~ Қазір мына мал иесі аулыңа барады. Төрт жылқысына төрт жуан татымды төлеу бересің де, соған қосып басына қосақ, көтіне тіркеу есебінде айыбыңа бір ат, бір түйе бересің”, — деді. Жұрт тағы жымдай болды. М.Әу.
