Posted in

БАСЫНА НОҚТА КИГІЗДІ (киді)

Құлдыққа көнді.; кіріптар қылды, еркінен айырды, аяғын тұсады.~ БЕКМАХАНОВ: Жарайды, Мұха! Дегеніңіз болсын, сізді маған жұмсаған дөйлердің айтқанын істеймін, қайсар қылықты, еңбекқор, мақтаулы ініңіз осы минуттан бастап, басына ноқта киген, колхоздың жуас есегіне айналды деп біліңіз, міне мойын, міне бас!.. М.Сәр. ~ Мен білсем, біздің халқымыз тағы да тоғыз жолдың торабында тұр. Алаш ұлы ежелдің ен күнінен басына ноқта кимеген, жүген-құрық тимеген асау, арда ел едік. Қ.Жұм. ~ Қыз өзi iстеген iсi туралы өзiне-өзi есеп беруден имене ме? Болмаса Абай алдында “саған жақсылық еткен, құтқарған мен едiм” деудi жiгiт басына ойда жоқ бiр ноқта кигiзу болар деп аяй ма? М.Әу. ~ Үрия. Өзімнен туған қыз болса, білер ем қалай айтуды. Басына ноқта кигізіп жетектетіп жіберер ем. Ә.Тәж. ~