Ойран салып, ойына келгенді істеді. ~ Қарулы қолда, зуылдап, ысқырған сойыл қайдағы қалтарыс жырашықта дүңгендердің басына ойнады. Т.Рыск. ~ Хиуа, Қоқан, Россия ақ патшасы, қазақ сұлтаны – төртеуі төрт жақтан қанды шоқпарларын басына ойнатқан сорлы халқының құрып кетуге таяу тұрған тағдырын ойлағанда, өн бойы өртеніп, көкірегі қарс айрыла қайғы билеп, өзін өзі ұстай алмай толықсып ат үстінен құлап кете жаздайды. І.Ес.
