Posted in

БАСЫНАН БАҚ ТАЙДЫ

Жақсы күндері артта қалды, дәурені өтті. ~ Күні кеше Тұрекелесіп, Тұрар Жұманович десіп, ізімді басып кетудің өзін ізетсіздікке санап жүрер сан достар басыңнан бақ тайып, төбеңнен бұлт үйірілген кезде тайқып шығады екен. К.Сег. ~Топыш сұлудың бауырлары Қырғын, Күш қара қалмақтың басынан бағы тайып, ішінен бүлініп бордай тозған Ежен хан тұсында қазақ арасына қашып келіп Абылайды паналап… Д.Дос.