Тұла бойы, бүкіл тәні. ~ Алдында қабат-қабат темір тор – басынан бақайшығына дейін коғала болат құрсанған Шыңғысханның ең таңдаулы шеп бұзар батырлары. Артында бірнеше арқан бойы тереңдікте шымырлап қайнап жатқан қара қазан-өр Алтайдың Қара Ертісі. Ж.Шәк. ~ Оның балалық жеңіл пайымы Киттің ызасын келтірді. Иә, бұл — басынан бақайшағына дейін Ларридің тура өзі. Кеше ғана сүмірейіп, үрейі ұшып тұрған ол енді: “Маған бәрібір!” дегендей батырсынған болады. Дж. Голс. ~ Тіпті басынан бақайшағына дейін қаруланған Қытай қызыл армиясының 7 реткі қоршап жоюына тап болса да, құрып-жоғалмаған ерлігі кісіні қайран қалдырады. Ж.Шәк
